• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Шілде, 2024

Қаперде – өрт қауіпсіздігі

66 рет
көрсетілді

Қазір Алматы облысында 13 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді. Бірақ оның жеткіліксіз екендігін Райымбек ауда­нының халқымен кездесуінде облыс әкімі Марат Сұл­тан­­­­ғазиев айрықша атап өтті. Бүгінде тағы 18 өрт сөндіру бөліміне қажеттілік туындап отыр. Шетін мәселе шетінен шешім таба бастады. Оған дәлел – аудан орталығы Нарынқол ауылынан өрт сөндіру бөлімінің ашылуы.

Райымбек ауданы таулы, нулы аймақ. Сондық­тан төтенше жағдайлар қыз­­меті мен өрт сөндіру бекеттері ауадай қажет. Жалпы, облыс­та мамандандырылған бө­лім­ше­лермен қатар, сала мамандарына да сұраныс жоғары. Тапшылық бар. Алматы облысында 474 төтенше жағдайлар қызметкері жұмыс істейді. Ал қажеттілік мыңнан асады. Нарынқолдағы өрт сөндіру бөлімінің ашылуын­да облыс басшысы осындай статистиканы атап өтті. Екі еселік жүктемемен қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді.

«Еліміздің 80 пайыз ау­ма­ғында табиғи өрттің қауіп­ті­лігі жоғары. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ең бірінші кезек­те тұрған мәселе. Әрі барша­мыз­ға ортақ. Шыны керек, рес­пуб­ликада дәл осындай 121 депо қажет. Ал Алматы облысына­ 18 нысан салуымыз керек. Алматы облысы әкімдігі мен аппараты бұл іске әрі қарай да қолдау көр­сететініне сенеміз», деген Төтенше жағдайлар ми­нистр­­лігінің комитет төрағасы Рамиль Камалов бөлімшелердің ашы­луына ықпал еткен облыс басшылығына ризашылығын жеткізді.

Жаңа ашылған нысан 288 млн теңгеге салынып, жасақталған. Мұнда өрт сөндіруші мамандарға қажеттің бәрі бар. Су жаңа нысанда 17 қызметкер еңбек етеді.

 

Алматы облысы