• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2024

Шымкенттегі Мұз сарайы мемлекет меншігіне қайтарылды

111 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық прокуратурасының талап арызы бойынша Шымкент қаласындағы Спорт сарайы (қазіргі Мұз сарайы) мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл Спорт сарайы оңтүстік өңірлерде қысқы спорт түрлерінен дайындайтын жалғыз орын болып саналады.

2017 жылы Шымкент қаласындағы «Спорт сарайы» ЖШС-ның 67,09% үлесі жекешелендіріліп, құны 1 млрд теңгеге, яғни нарықтық құнынан 8 есе аз сомаға сатылғаны анықталды.

Сонымен қатар Спорт сарайын сатып алған ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген. Тергеу барысында  ұйым жарғылық құжаттарға сәйкес спорт саласындағы қызметтермен айналысуға құқығы жоқ болып шыққан. Бұл ретте сатып алушы аукционға қатысушы ретінде тіркелмеуі тиіс еді.

«Объектіні жекешелендіру кезінде мемлекет мүлкін қоғам игілігіне тиімді пайдалану қағидасына сәйкес басқаруды міндеттейтін «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның нормалары бұзылған. Сондай-ақ  5 жыл ішінде мемлекет Спорт сарайының үй-жайларын жалға алуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен жекешелендіру нәтижелері жойылды», делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енді.