• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Шілде, 2024

Түркістанда селфи жасамақ болған бойжеткен биіктен құлап кетті

187 рет
көрсетілді

Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны селфи жасамақ болып, таудың өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Құтқарушылар екі күннен бері Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Сайрам-су өзенінің арнасында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жүр. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 37 қызметкер, бір қайық пен төрт бірлік техника, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен алты қызметкер мен үш бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.

Түркістан облысы ТЖД жедел-диспетчерлік қызметінің басқару пультіне 28 шілде күні сағат 10:41-де хабарлама келіп түсті.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны суретке түспек болған кезде тайып кетіп, теңгерімде тұрған кертпеден құлап кеткен. Қатты ағыс салдарынан тастардың арасында қалып, шыға алмай қалған.

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.