• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2024

Тараз әкімдігінің қызметкерлері мемлекет мүлкін талан-таражға салған

118 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар заң бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қала әкімшілігінің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбауын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау жолымен соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған», делінген ҚМА хабарламасында.Аталған азаматтардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залал сомасы 100 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданады.