• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 14:20

Жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды

30 рет
көрсетілді

Үкімет қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Құдайберген Арымбек 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетін бітірген.Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастаған.

Кейін алдымен Мұнай және газ министрлігінде, кейін оның орнын басқан Энергетика министрлігінде түрлі қызмет атқарған.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін ол Энергетика министрлігінде департамент директоры болып жұмыс істеген.