Ұлттық құрама спортшысы, жүзуші Әділбек Мусин Париж Олимпиадасында 100 метрге еркін әдіспен жүзуде іріктеу сынында сүрінді, деп жазады Egemen.kz.
Бұл кезеңде 79 жүзуші бақ сынап, оның 16-сы ғана жартылай финалға жолдама алды.
Отандасымыз 49.92 секундта мәреге сегізінші болып жетіп, жалпы есепте 17-ші орынға тұрақтады. Осылайша, Әділбек Мусин осы бағдарламада жарыс жолынан түсіп қалды.Енді ол 2 тамызда 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жүлдеге таласады.