• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Кино Бүгін, 17:15

Отандасымыз «Оскар» киноакадемиясының мүшесі атанды

26 рет
көрсетілді

Қазақстан кинооператоры Еркінбек Пітірәлиев Instagram-парақшасында Америка кино өнері және ғылым академиясына мүшелікке қабылданғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған академияның мүшесі болған Е.Пітірәлиев ұйым жыл сайын табыстайтын «Оскар» сыйлығының лауреаттарына дауыс бере алады. 

«Бұл - мен үшін үлкен құрмет және кино әлеміне қосқан үлесімді мойындау. Киноиндустрияның ең үздік өкілдерін біріктіретін осындай беделді ұйымның бір бөлігі болудың керемет мүмкіндігі туғанына ризамын. Кино өнерінің болашағын қалыптастыратын маңызды шешімдер мен дауыс беруге қатысуды асыға күтемін. Осы жолда маған қолдау көрсетіп, сенгендердің барлығына рахмет», деп жазды кинооператор желідегі парақшасында.