• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Президент 31 Шілде, 2024

Конго мен Өзбекстан Президенттері Қазақстанға ресми сапармен келеді

58 рет
көрсетілді

Ақорда баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2-3 тамыз күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді. 

7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады.

Сондай-ақ 9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.