• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 31 Шілде, 2024

Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алғаны үшін сотталды

94 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.

«Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа – 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ», делінген Антикор хабаралмасында.

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.