Күні кеше түркістандық тәртіп сақшылары Nexia көлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Азаматтың алимент пен айыппұл бойынша 153 млн қарызы бары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәртіп сақшыларының дерегінше, жүргізушінің жол ережесін бұзғаны үшін қарызы 700 мың теңгені құрайды.
Түркістан облысының ПД хабарлауынша, қарыздың басым бөлігі ақылы жол ережесін бұзу, жылдамдықты арттыру, көлікті белгіленбеген жерге қою және басқа да құқық бұзушылықтар бойынша. Ал, қалғаны балаларына төлемеген алимент пен банктегі қарызы екені белгілі болды. Бұдан соң тұрғынның көлігі айып тұрағына жөнелтілген.
Айта кетейік, полицейлер көлік жүргізушісіне қарызды уақтылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.