• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Олимпиада 31 Шілде, 2024

Париж Олимпиадасында Головкинге зор құрмет көрсетілді

142 рет
көрсетілді

Париждегі Олимпиаданың басты жаңалықтарының бірі даңқты спортшылар арнайы таяқты еденге 3 рет ұрып жарыс күнін бастап береді. 31 шілдедегі бокс бәсекесін бастау мәртебесі отандасымыз, Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкинге берілді, деп жазады Egemen.kz.

Осылайша Геннадий Головкин Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнін ашып берді.

GGG ағаш таяқпен еденді үш рет ұрып, жекпе-жектердің басталғанын хабарлады. 

Ұйымдастырушылар бұл жаңашылдықпен Францияның мәдени дәстүрлеріне басымдық бере отырып, театр мен спортты біріктіруге ұмтылған.  Бұл дәстүрді Ұлттық олимпиадалық комитет көпшілікті спортшылардың өнеріне үлкен құрметпен қарауға шақырады деп түсіндірді. Сондай-ақ  үш соққы көрермендерді әрбір оқиғаның жанкүйер құрметіне лайық екенін еске салады және үш соққы орындалған кезде театрдағы секілді, трибунаға жиналған жанкүйерлер де бір минут үнсіздік сақтауы керек.