• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 01 Тамыз, 2024

Арал теңізі аумағында 1 млн гектар жерге ағаш отырғызылады

156 рет
көрсетілді

Экология министрлігі Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Арал теңізі аймағында 2025 жылға қарай 1 млн гектарға ағаш егуді жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Экологиялық шараның мақсаты − Арал теңізі аймағында теңіздің құрғаған табанында орман мелиорациясын қалыптастыру. Межеге жету үшін министрлік 2024 жылы 275 мың гектарға жасыл желек отырғызбақ. 

Сонымен қатар Республика ауқымында елді мекендерде 15 млн ағаш отырғу шарасы жүріп жатыр. Ал жыл сайын 3 млн ағаш егу жоспарланып отыр.Айта кетейік, биылғы  «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күнінде» 203 мыңға жуық ағаш егілді.