• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кино 02 Тамыз, 2024

Азамат Сатыбалды «Қазақфильмнен» кетті: министрлік мәлімдеме жасады

141 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігі Азамат Сатыбалдының ұлттық киностудия президенті қызметінен кетуіне байланысты және «Қазақфильмнің» тағдырына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Мәлімдеме 2024 жылғы 1 тамызда департаменттің Telegram-арнасына жарияланды.

- Мәдениет және ақпарат министрлігі қазір Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды. Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады, – делінген хабарламада.

Бұл ретте Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмнің» президенті қызметінен кеткені бір күн бұрын, яғни 31 шілдеде белгілі болды.

Еске сала кетсек, ол «Қазақфильм» АҚ-тың президенті болып 2023 жылғы 28 шілдеде тағайындалған болатын.