Париж Олимпиадасында 63,5 келіде ел намысын қорғаған Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға бір қадам қалғанда сүрінді, деп жазады Egemen.kz.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы тартысты өткен кездесуде грузиялық былғары қолғап шебері Лаша Гурулиге есе жіберді.
Төрешілер 3 раунд қорытындысында грузиялықтың пайдасына 2-3 есебін тіркеді.
Осылайша, бокс бәсекелерінде ерлер құрамасынан 5 отандасымыз үшін Париж жүлдесі бұйырмады.