• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Тамыз, 2024

Зиянкестерден сақ болыңыз!

34 рет
көрсетілді

Жаздың аптап ыстығында адам мен үй жануарлары үшін аса қауіпті саналатын кеміргіштер мен кенеден абай болған жөн. Жауапты мамандар нақ осы кездерде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Зиянкестердің күрт көбеюіне әсер ете­тін негізгі фактор – түр­лі тұрмыстық қалдықтар­дың бейберекет тасталуы. Осы­ның салдарынан қала аумағын­да­ғы саябақтарда, әсіресе көп­қабатты үйдің маңында адам денсаулығы үшін аса қауіп­ті кеміргіштер көбейеді. Ма­ман­дардың сөзінше, кемір­гіштердің кейбір түрлері тіпті өлім жағдайларына әке­ліп соқтыратын жұқпалы ауру­лардың ошағы саналады.

Әсіресе таулы аймақтарда кеміргіштерден бөлек адам мен жануарлардың, сондай-ақ өсімдіктіктердің паразиті болып саналатын кенеден абай болған жөн. Қышыма кене сияқты кейбір тұқымдастары, тіпті көзге де шалынбайтын бұл жәндік адам бойында бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия сияқты аурулардың өрбуіне жол ашады. Мұндай кенелер жаңбырдан кейін көгалды жерлерде көптеп белең алады. Сондықтан табиғат аясына шығатын тұрғындар бұл жағдайды қаперінде ұстағаны абзал. Арнаулы мамандар, зиян­кестермен күрес мәселесі әр­дайым басты назарда, дегенмен әр азамат тазалыққа мән беріп, сақ жүргені жөн дегенді айтады.

Алматы қаласы аумағын зиян­кестерден залалсыздандыру жұмыстарының жазғы науқаны қыза түскен. Арнаулы кесте негізінде таулы аймақтар мен демалыс орындарында, қала аумағындағы саябақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жаппай залалсыздандыру ісіне құрамында тәжірибелі эпидемиолог дәрігерлер бар мамандар тобы жұмылдырылған.

 

АЛМАТЫ