• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 16:23

«Шаңырақ»: Елордада жаңа мұрал пайда болды

24 рет
көрсетілді

Сарыарқа ауданындағы Қарталы көшесі 5/1 мекенжайында «Шаңырақ» атты жаңа мұрал пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қабырғадағы суретте бейнеленген қазақ отбасы дәстүр, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығын бейнейлейді.

Айта кетейік, мұралдың ең негізгі элементі шаңырақ – киіз үйдің жоғарғы бөлігі, ата-баба ошағы мен баспанасын бейнелейді. Сонымен қатар шаңырақ қазақ мәдениеті мен отбасылық құндылықтардың негізін білдіреді.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жанұя бейнесінің жоғарғы тұсындағы шаңырақтың суреті отбасылық тығыз байланысты, үйлесімділік пен ата-бабаларға деген құрметтің маңыздылығын еске салады.