• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Олимпиада Кеше

Нұрбек Оралбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды

25 рет
көрсетілді

80 келіде бокстан шаршы алаңға көтерілген Нұрбек Оралбай жартылай финалға шықты, деп жазады Egemen.kz.

Нұрбек Оралбай әзербайжандық Мурад Аллахвердиевтен басым түсті.

Жартылай финалдық сында отандасымыз доминикандық Хавьер Кристиан Пиналесті қапы қалдыруға тырысады. Бұл жекпе-жек 4 тамызда өтеді деп жоспарланған.

Үш раунд қорытындысына сай Нұрбек Оралбай жеңісін айғақтайтын 5-0 есебі тіркелді.