• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Олимпиада 02 Тамыз, 2024

Нұрбек Оралбай: Парижге алтын үшін келдім

Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында әзербайжандық Мурад Аллахвердиевтен басым түсіп, жартылай финалдық кезеңге өтті, деп жазады Egemen.kz.

Нұрбек Оралбай осы жекпе-жегінен кейін отандық БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат берді. Боксшымыз өз сөзінде Париж төріне алтын еншілеу үшін келгенін нықтап айтты. 

«Жекпе -жек ойдағыдай өтті. Ағайлардың тактикасымен жеңіске жеттік. Мұнымен тоқтамаймыз. Париж олимпиадасына алтын үшін келдік. Өз ойым, командадағы басқа жігіттер қарсыласынан емес төрешілерден жеңілді. Бұл бізге мотивация береді. Доминикандықтың жекпе-жектерін әлі көрмедік. Демалғаннан кейін ағайлармен бірге қарап, тактика құрамыз. Ойдағыдай өтеді деп ойлаймыз», деді Нұрбек Оралбай.

Соңғы жаңалықтар