• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Технология 04 Тамыз, 2024

Робот дәрігер алғаш рет адамның тісін емдеді

125 рет
көрсетілді

Бостонда жасалған робот тіс дәрігері алғаш рет науқасты емдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдік басылымның жазуынша, ол жұмысты адамнан сегіз есе жылдам орындаған.

Жасанды инттелекттегі тіс дәрігерінің бірінші міндеті тісті коронкаға дайындау болды.

Қалыпты жағдайда бұл шамамен екі сағатты алады. Одан бөлек бұл процедура үшін ем алушы дәрігерге екі рет келіп қаралуы қажет. Бірақ робот мұны шамамен 15 минут ішінде жасап бітірді.

Әзірлеушілердің айтуынша, олардың роботы кариесті автоматты түрде шамамен 90% дәлдікпен табады. Ал 3D сканерінің арқасында ауыз қуысының егжей-тегжейлі моделін нақты жасай алады екен.