Атырау облысында мұнай компаниясына 13 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
«Каспий мұнай» АҚ кен орнын бұрғылау және пайдалану нәтижесінде 2021-2022 жылдары пайда болған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін алмағаны анықталды.
«Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесінде Атырау облыстық сотының сот алқасының 2 шілдедегі қаулысымен «Каспий мұнай» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328 - бабы бойынша 13 684 868 730 теңге көлемінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.
Нәтижесінде бюджетке әкімшілік айыппұл өндірілді, мемлекеттің ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды.