Астанада Қарқаралы тасжолының бір бөлігі жартылай жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Жұлдыз» айналымынан бастап көлік айырығына дейінгі учаскесінде Қарқаралы тасжолының төсеміне үстіңгі қабатын салу жұмыстарын жүргізеді.
Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта да жүзеге асырылады.