• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Тамыз, 2024

«Ұлттық қор – балаларға»: Келесі қаражат қашан түсетіні белгілі болды

136 рет
көрсетілді

Биыл елімізде «Ұлттық қор – балаларға» жобасы есебінен 6,9 млн баланың шотына қаражат түсті. Үкімет ендігі қаржы қашан аударылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы $1,3 млн жастың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге бағытталған. 2024 жылдың ақпан айында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша төлемдер басталды. Ел бойынша 6,9 млн баланың шотына $100,05-дан түсті.

Биыл қаражатты пайдалануға 16,6 мың өтінім түскен, оның ішінде 13 мың өтінім орындалды. Орындалған өтінімдердің жалпы сомасы $1,3 млн-ды құрады, келесі қаражат 2025 жылдың ақпан айында есептеледі. Бұл балалар мен олардың отбасына қосымша қолдауды қамтамасыз етеді.