• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 12:50

Елімізде 45 градусқа дейін ыстық күтіледі

16 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 6, 7, 8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, Қазақстанның солтүстігінде нөсер жауын жауады. Оңтүстікте күн өте ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Метеорологтар алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында болатынын баса айтты.

Жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

«6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда республиканың солтүстігінде кей жерлерде қатты жел соғады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Ал, Республиканың қалған бөлігінде күндіз +38+45°С қатты ыстық күтіледі.