• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 16:27

Ольга Сафронова мәре сызығын соңғы болып кесті

16 рет
көрсетілді

200 метр қашықтыққа жүгіру сайысында ел атлеті Ольга Сафронова екінші мүмкіндігін де мүлт жіберді, деп жазады Egemen.kz.

Ольга Сафронова қайта жүгіру кезінде 23.70 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге ең соңғы  (алтыншы) болып жетті. 

Олимпиада ережесіне сай бұл кезеңде көш бастаған желаяқтар ғана жүлдеге таласу жолына қайта қосыла алады.

Отандасымыз іріктеу кезеңінде 200 метр қашықтықты 23,58 секундта жүгіріп өтіп финалдық кезеңге тікелей қатысу жолдамасынан қағылған еді. 

Айта кетейік, Ольга Сафронова Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында боксшы Асланбек Шымбергеновпен бірге ту ұстап, ел атлеттерін бастап шыққан еді.