Балқаш қаласындағы «Қоңырат» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 30 адам баспанасыз қалды, деп хабарлады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Тұрғын үйдің 8 пәтері отқа оранды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Үй тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Бірақ, 30 адам баспанасыз қалды. Қазір үйлері өртенген адамдар уақытша №3 мектеп интернатқа орналастырылды.
Балқаш қаласының әкімідігі балаларды сауықтыру лагерлеріне, ал зейнеткерлерді санаторийге жіберу мәселесін қарастырып жатыр.
Кеше Өскемен қаласындағы автовокзал ғимаратынан да өрт шыққан болатын. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер дер кезінде ауыздықтады.