• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 06 Тамыз, 2024

Шетел азаматтарына қанша грант бөлінді?

153 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарына арналған стипендиялық бағдарламаның қорытындысын жариялады.

2019 жылдан бастау алған бұл бағдарлама жыл сайын грант санын көбейтіп келеді. Мәселен, биыл  еліміздің жоғары оқу орындарына түсу үшін шетел азаматтарына 550 гранттық орын тағайындалды. Аталған бағдарламаға шетел азаматтары, оның ішінде Қазақстан азаматтығы жоқ этностық қазақтар қатыса алады.

Бұл стипендиялық жоба еліміздің басқа мемлекеттермен білім беру байланысын нығайтуға бағытталған. 2024 жылы 83 елден 11 293 өтінім келіп түскен. Бұл аталған бағдарламаға деген қызығушылықтың жыл сайын артып келе жатқанын көрсетеді.

Шетел азаматтарына арналған 550 гранттық орын­ның ішінен: 490 орын – бакалавриат бағдарламасы үшін; 50 орын – магистратура бағдарламасы үшін; 10 орын докторантура бағдарламасы үшін бөлінді. Бағдарлама аясында тегін білім беру мен білім алу­шының академиялық жетістіктеріне байланысты ай сайын стипендия төленеді.

Сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгі­мелесу қорытындысы бойынша стипендиаттар­ды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның қарауына «Докторантура» бағдарламасы бойынша – 56 үміткер, «Магистратура» бағдарламасы бойынша – 286 үміткер, «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша 1 914 үміткер жіберілді. Үміткерлер жоғары ака­демиялық көрсеткіштерге қарап іріктеледі.