Алматы маңындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде өрт шыққан. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 6-қабаттағы пәтерден 7-8-ші қабаттағы балкондарға да тараған.
«Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үй тұрғындары өз бетінше эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің күшімен 60 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.