7 тамыз күні Париж Олимпиадасында әзірге белгілісі екі спортшымыз финалдық бәсекеде алтын үшін жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Олар грек-рим күресінен 77 келіде боз кілемде барын салатын Демеу Жадыраев пен шаршы алаңда тер төгетін Нұрбек Оралбай.
Жалпы ел атлеттері сапынан бүгінгі бәсекені байдарка мен каноэде есушілер бастайды: Бекарыс Раматулла - 13: 40
Сергей Емельянов - 14: 40
Грек-Рим күресі: Нұрсұлтан Тұрсынов - 14: 00
Финал: Демеу Жадыраев - Н. Кусака (Жапония) - 21: 45
Таэквондо - Самирхон Абабакиров - 15: 37. Бұл сында финалдық кездесулер 00: 37-де басталады.
Велотрек: Андрей Чугай - 15: 45
Бокс (Финал): Нұрбек Оралбай - О. Хижняк (Украина) - 01: 51
Жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген.