• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 11:13

Нұрбек Оралбайдың финалдағы жекпе-жегін қайдан көруге болады

15 рет
көрсетілді

Бүгін түнде бокстан 80 келіде Нұрбек Оралбай Олимпиада алтыны үшін айқасады, деп жазады Egemen.kz. 

Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы − украиналық Олександр Хижняк. Жекпе-жек түнгі сағат 01: 51-де басталады деп жоспарланған. 

80 келі салмақ дәрежесінде Олимпиада алтыны сарапқа салынатын бәсекені «Хабар» арнасы тікелей эфирде ұсынады. 

Айта кетейік, Қазақстан бокстан ерлер құрамасы толық құрамда Олимпиадаға аттанғанмен, финалға тек Нұрбек Оралбай жетті. Ал қыздар құрамасы сапынан Назым Қызайбай (50 кг) жартылай финалда қытайлық Ву Ю-ға есе жіберіп, қола медаль қанжығалады.