• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 11:47

Астанада FlyArystan ұшағынан ақау шықты. Ұшу кестесі өзгере ме?

14 рет
көрсетілді

5 тамыз күні Астана әуежайында FlyArystan ұшақтарының бірі мәжбүрлі тұраққа қойылған. Себебі әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбағаннан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Air Astanа осы келеңсіздік салдарынан рейстердің ұшу кестесінде өзгерістер болатынын ескертті.

«Жөндеу құны айтарлықтай болғанымен, бастысы − оқиғаның әуекомпания кестесіне, рейстердің орындалуына кері әсер етуінде. Әуекомпания күтпеген сәтсіздікке өкініш білдіреді», делінген хабарламада.

Әуекомпаниясы халықаралық рейстердің уақытылы ұшуын қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді.