• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 07 Тамыз, 2024

«Үлкен тәжірибе болды». Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиадаға қатысты пікір білдірді

129 рет
көрсетілді

Бокстан ерлер құрамасы сапынан 63, 5 келіде Олимпиада жолдамасына соңғы болып қол жеткізген Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж төрінде өткен бәсекеге қатысты пікірін әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Төрт жылда бір келетін Олимпиада ойындарына жету үшін, қаншама жекпе жек өткізіп соңғы лицензияны жұлып алған едім. Өкінішке қарай, үшінші кездесуде жеңіліс таптық.

Бұл Олимпиада - менің бірінші Олимпиадам. Олимпиадаға қатысудағы мақсатым бар күшімді салып, әнұранымызды шырқату болатын. Мақсатыма бір табан жақындағаныммен, қарсыласымнан бір ұпайға ұтылып қалдым. Спорт болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.

Бұл жарыс мен үшін үлкен тәжірибе болды», деп жазды Мұхаммедсабыр Базарбайұлы.

Айта кетейік, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиададағы екі жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде грузиялық Лаша Гурулиге есе жіберді.