• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Заң 07 Тамыз, 2024

ТЖМ-ның бұрынғы бірінші вице-министрі 5 жылға сотталды

77 рет
көрсетілді

Ақмола гарнизонының әскери соты Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкімді жариялады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.Сонымен қатар сот Мемлекет басшысының атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы шығарды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.