Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде Қазақстан балуаны жапониялық Нао Кусакаға есе жіберіп, Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл 20 жылдан кейін алғаш рет грек-рим күресінен Қазақстан спортшысының финалға шығуы. 2004 жылғы Афина Олимпиадасында аса ауыр салмақ дәрежесінде Георгий Цурцумия күміс жүлдеге қол жеткізген еді.