• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 02:53

5 баланың өмірін қиған жол апаты: Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

18 рет
көрсетілді

Самара — Шымкент тасжолының Хромтау ауданы Бөгетсай ауылы маңында болған жол апатынан соң жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта бірнеше сараптама тағайындалған.

Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжановтың айтуынша, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатынан соң тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдікті - «MAN» көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Полиция департаменті балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары бастады. Барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деді Ғалым Байжанов.