• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Тамыз, 2024

Жапонияда жер сілкінісі болды

98 рет
көрсетілді

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралының маңында 6,9 балдық жер сілкінісі тіркеліп, цунами қаупі төнді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жер сілкінісінің ошағы Миядзаки префектурасына жақын жерде, мұхит түбінің 30 км тереңдігінде болған.

Сейсмологтардың айтуынша, Миядзаки мен Кочи префектуралары аймағында толқын биіктігі бір метрге дейін жетуі мүмкін.

Құрбандар туралы ақпарат тіркелген жоқ.