Бүгін Париж Олимпиадасында каноэде 200 метрге ескек есуде отандасымыз Мария Бровкова іріктеуде сынға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Өз тобында ел атлеті мәреге бесінші болып жетті. Оның уақыт көрсеткіші - 48.43 секунд.Осылайша, жастар арасында 2 дүркін әлем чемпионы Мария Бровкова ширек финалда бақ сынайды. Осы кезеңде жартылай финалға жолдама сарапқа салынады.