• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 15:54

Спорттық құзға өрмелеуден Әмір Маймұратов жартылай финалға өте алмады

39 рет
көрсетілді

Отандасымыз Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама ала алмады, деп жазады Egemen.kz.

Әмір Маймұратов ширек финалда спорттық құзға жылдам өрмелеуден әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Реза Әлипурға есе жіберді.

Отандасымыздың уақыт көрсеткіші - 6.14 секунд.

Бұл кезеңде отандасымыздың аяғы тайып кетіп, қарсыласынан бірнеше секундқа кеш тетікті басты.

Еске салайық, Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде Олимпиаданың жаңа рекордын орнатқан еді.