• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Елжана Таниева көркем гимнастикадан Олимпиада финалына өте алмады

16 рет
көрсетілді

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін көркем гимнастикадан іріктеу аяқталды, көпсайыста ертең жүлдеге таласатын спортшылар белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Өкінішке қарай, ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Елжана Таниева аталған сында төрт жаттығудың қорытындысы бойынша финалға өте алмай қалды.

Елжана Таниева жалпы есепте 126.600 ұпай жинап, 11-орынға сырғыды. Осылайша, биыл Азия чемпионы атанған Елжана Таниева Париж олимпиадасының финалына шыққан 10 гимнастың қатарына кіре алмады.

Олимпиада жүлдесіне тек, финалға шыққан 10 гимнаст қана таласады.

Таниеваның көрсеткіші:Лента - 31.450 баллҰршық - 32.300 баллДоп - 32.000 баллШығыршық - 30.850 балл

Финалға шыққан спортшылар Олимпиада медальдарын ертең, яғни 9 тамызда сарапқа салады.