• RUB:
    5.27
  • USD:
    479.38
  • EUR:
    531.63
Басты сайтқа өту
Қылмыс 10 Тамыз, 2024

Жетісуда тұрғындарды 100 млн теңгеге алдап соққан қылмыстық топ ұсталды

48 рет
көрсетілді

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Топ бүкіл ел бойынша жұртты алдап, алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 SIM-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталып жатыр. Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны өсу үстінде, деп жазылған облыс прокуратурасының ресми мәлімдемесінде.