• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Тамыз, 2024

Париж-2024: Он бесінші жарыс күнінің нәтижесі қандай

78 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрлігі Франция астанасында өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының он бесінші жарыс күнінің нәтижесін қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еркін күрес: 97 кг дейінгі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали ширек финалда жеңілсе де, жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды.

Велотрек: Кейрин бағдарламасындағы Андрей Чугай іріктеуде өз тобында мәреге бесінші болып келді. Енді ол жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.

Қазіргі бессайыс: А тобының жартылай финалында сынға түскен Елена Потапенко 1301 ұпай жинап, 15-орыннан көрінді.

Брейкинг: Әмір Зәкіров ширек финалда әлем чемпионы Виктор Монтальвоға (АҚШ) жол беріп, жарысты аяқтады. Тоғыз төрешінің 3 раунд бойынша есебі: 0-3 (0-9, 1-8, 2-7).

Олимпиаданың он бесінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.