Астанада көпқабатты үйдің төртінші қабатының терезесінен алты жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Анықталғандай, оқиға 11 тамыз күні болған. Қазіргі уақытта дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.
«Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, москит торлары құлаудан қорғамайды, балалардың ересектерсіз балконға шығуына жол бермеңіз», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін, Теміртауда 12 жастағы қыздың терезеден құлап кеткенін хабарлаған едік.