• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Париж-2024 Бүгін, 10:01

Нұрбек Оралбайды жанкүйерлер құрметпен қарсы алды

17 рет
көрсетілді

Бүгін бокстан Париж Олимпиадасының күміс медалін еншілеген Нұрбек Оралбай елге оралды. Жүлдегерді Астана халықаралық әуежайынан туыстары, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері зор құрметпен қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.

Бокстан ерлер құрамасы сапында 80 келіде күміске қол жеткізген Нұрбек Оралбайды қазақ дәстүріне сай ұлттық дәм ұсынып күтіп алды. 

Ұйымдастырушылар спортшы мен жанкүйерлер байланысу үшін арнайы сахна дайындаған. Нұрбек Оралбай өз кезегінде күмісті алтынға айырбастау үшін Лос-Анджелес - 2028 Олимпиадасына дайындалатынын айтты. 

«Құрметті қазақ елі, қолдау білдіріп жатқандарыңызға рақмет. Өкінішке қарай екінші орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алып, елімізді қуантып, әнұранымызды шырқатқым келген еді. Осы жолы алтын бұйырмапты, келесі Олимпиадада бар күшімді салып, елге абыроймен оралып баршаны қуантамын деп ойлаймын», деді Нұрбек Оралбай.