• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:05

Париж Олимпиадасын 15 миллионға жуық турист тамашалады

14 рет
көрсетілді

Олимпиаданы тамашалау үшін Парижге 15 миллионға жуық турист барған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары кезінде 10 млн-ға жуық билет сатылды. Бұл − рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін 1996 жылы Атлантада өткен жазғы ойындарда 8 млн билет сатылған еді. Осылайша, биыл 28 жыл сақталған рекорд жаңарды. Сондай-ақ 45 мың ерікті спортшылар мен қонақтарға қызмет көрсетті.

26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасқан төртжылдықтың басты додасында Қазақстан 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленді.