• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Тамыз, 2024

Түркістан тұрғыны мүгедектігі бар азаматтарды 400 мың теңгеге сатқан

145 рет
көрсетілді

Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жедел іздестіру шаралары барысында «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Ол екі мүгедек азаматты 2 жыл қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Сондай-ақ ол осы адамдарды Шымкент қаласында сатып жатқан жерінде ұсталып, қамауға алынды», деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

Сондай-ақ тағы 10 азаматтың адам саудасына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бүгінде адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жарияланбайды.