• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:26

Екібастұзда жолаушылар автобусы жол жиегіне шығып кетті

14 рет
көрсетілді

Екібастұзда автобус жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Автобустың ішінде 24 жолаушы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 10:00 шамасында қаладағы ЖШС-лардың бірінің аумағында болған. ПАЗ көлігінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, кюветке түсіп кеткен.

Анықталғандай, автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері кетіп бара жатқан. Зардап шеккендер бар. Бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз.