• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 15:15

Олимпиадада үздік алтылықтан көрінген спортшыларға қанша сыйақы беріледі

29 рет
көрсетілді

Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 7 медаль түсті. Әр жүлде үшін спортшыларға берілген сыйақы мөлшері жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Заң бойынша алтын медаль алған ел спортшыларына 250 мың доллар, күміс үшін 150 мың, қола жүлде иегерлеріне 75 мың доллар сыйақы төленеді. Сонымен қатар 4, 5 және 6-орындар үшін де 30, 10 және 5 мың доллар беріледі.

Париж Олимпиадасында көрсеткен өнері үшін ақшалай сыйлық алатын ел спортшыларының толық тізімі:

Елдос Сметов (алтын) – 250 мың доллар.Нариман Құрбанов (күміс) – 150 мың доллар.Демеу Жадыраев (күміс) – 150 мың доллар.Нұрбек Оралбай (күміс) – 150 мың доллар.Александра Ле мен Ислам Сәтбаев (қола) – әрқайсысына 75 мың доллар.Назым Қызайбай (қола) – 75 мың доллар.Ғұсман Қырғызбаев (қола) – 75 мың доллар.Милад Карими (5-орын) – 10 мың доллар.Абиба Әбужақынова (5-орын) – 10 мың доллар.Әмір Маймұратов (5-орын) – 10 мың доллар.Айбек Оралбай (5-орын) – 10 мың доллар.Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (5-орын) – 10 мың доллар.Сәкен Бибосынов (5-орын) – 10 мың доллар.Александра Ле (6-орын) – 5 мың доллар.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшылары Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарламов, Ерлік Сертай (6-орын) 5 мың доллардан алады.

2024 жылғы Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан спортшыларға 1 миллион 85 мың доллар, яғни 477 миллион теңге төлейді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы медальдық есепте 43-орынға тұрақтады.

Бұған дейін Олимпиада жүлдесіне бір қадам жетпей қалған ел атлеттерінің аты-жөнін жариялаған едік.