• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Тамыз, 2024

Суды ысырап еткендерге айыппұл мөлшері артатын болды

132 рет
көрсетілді

Суды ысырап етіп, ресурсты пайдалануды бұзғандарға айыппұл көлемі 5 есе ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Заң жобасына тиісті түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі дайындады. Осылайша су объектілерін қолдануға арналған тыйым белгілерін жойғаны және оны заңсыз иеленгені үшін жеке тұлғаларға 5-тен 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 184 мың теңге айыппұл салынады.

Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіп иелері үшін оның көлемі 300 айлық есептік көрсеткіш болмақ.

Сондай-ақ, суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін де жауапкершілік артады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10-нан 50, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш болады.

Жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК; Лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілер немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК; Орта кәсіпкерлік субъектілер үшін – 150 АЕК; Ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін – 850 АЕК.