Астанада LRT құрылысына байланысты 16-19 тамыз аралығында Мәңгілік ел даңғылының бір бөлігі екі бағытта жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша, 16 тамыз сағат 00:00-ден бастап (15-нен 16-на қараған түні) 19 тамыз сағат 06:00-ге дейін, Мәңгілік ел даңғылы бойымен, Сығанақ көшесімен қиылысында екі бағытта қозғалыс жабылады», делінген CTS хабарламасында.
Бұл ретте оңтүстік және солтүстік бағыттағы бұрылыс съездері ашық болатыны хабарланды.
«Қоғамдық көлік қозғалысы Түркістан және Ақмешіт көшелері арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлардың қозғалыс сызбасы CTS сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады», делінген хабарламада.