Петропавлдың атауын Қызылжар деп өзгерту жоспарда жоқ. Мәселе қаралуы мүмкін, бірақ әзірге биліктің басқа да түйткілді мәселелері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді.
«Бізде абаттандыру, жылу және әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты басқа да көптеген мәселелер бар. Бүгінде бұл мәселе облыста көтерілмей жатыр деп айтпаймын. Қала атауын өзгертуді жақтайтындар да, атауды өзгертудің заманы емес дейтіндер де бар. Бұл саяси мәселе емес», деді әкім.
Сондай-ақ ол құзырлы органдар бұл мәселені қарастыратынын қосты.