• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:59

«ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

47 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар байқауға қатыса алады.

Өтінімдер 2024 жылдың 13 тамызынан бастап 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Конкуртық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:1. Жылдың үздік сұхбаты2. Жылдың үздік репортажы3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі5. Жылдың үздік аналитикалық материалы6. Радиостанциядағы үздік жоба7. Жылдың үздік фотосуреті8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы9. Үздік өңірлік БАҚ10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында)11. Үздік подкаст12. Үздік YouTube каналы

Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «ҮРКЕР» - 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

«URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.